АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Кепілгер мемлекеттер Ресей, Түркия және Иран Сирияда деэскалация аймағын құру туралы меморандумға қол қойды. Меморандумды Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қол қойды.
Меморандумда кепілгер мемлекеттер кезекті рет сириялық шиеленісте әскери сценарий болмайтынын және шиеленістің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2254 резолюциясын жүзеге асыру арқылы ғана шешім табуы мүмкін екендігін мәлімдеді.
"Процесті ілгері жылжыту және сириялық шиеленістің саяси шешімін табу үшін жағдай жасау мен гуманитарлық жағдайды жақсартып, зорлықты жою мақсатында қауіпсіздік аймағын құруды қарастыратын Сирия Араб Республикасында деэскалация бойынша аймақтар құру туралы меморандум қабылдай отырып", — деп мәлімдейді меморандумда кепілгер мемлекеттер.
Женевалық процесті толықтыру мен ықпал ету жоспарындағы астаналық кездесулердің маңызды рөлін баса айтып, кепілгер мемлекеттер халықаралық қауымдастықтың барлық мүшелерін процеске үлес қосып, сириялық шиеленіске ұзақ мерзімді шешім табуға шақырды.
"ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан билігіне Астанада Сирия бойынша кездесу өткізгені үшін алғыс білдіреміз. Біз Сирия бойынша келесі кездесуді 2017 жылғы шілдеде өткізуді ұйғарып, Анкарада екі апта бұрын алдына ала сарапшы консультациялар өткізу туралы келістік", — деп түйді кепілгер мемлекеттер.
Келіссөздердің төртінші раунды Астанада 3-4 мамырда өтіп жатыр. Барлық қатысушылар, кепілгер мемлекеттердің делегациялары мен байқаушылар Астанаға келді. Олар Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі мен қаруланған сириялық оппозиция өкілдері, сонымен қатар Иордания, АҚШ және БҰҰ жоғары деңгейдегі өкілдер.