АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Сириялық мәселенің барлық тараптары жергілікті уақытпен сағат 16.00-де Астанадағы қорытынды отырысқа жиналады, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.
"Бүгін Астана уақытымен 16.00-де жалпы отырыс өтеді, оған алдын ала ақпарат бойынша астаналық процестің барлық қатысушылары қатысады. Келіссөздер процесі жалғасып жатыр", — деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.
Жалпы отырыс барысында меморандум мен ресейлік тараптың бастамасы бойынша Сирияда төрт қауіпсіздік аймағын құру туралы құжатқа қол қою күтіліп отыр.
РИА Новостидің делегациялардың біріндегі дереккөзіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, құжат іс-жүзінде келісіліп қойған. Кепілгер мемлекеттер бір тармақ бойынша ғана келісімге келе алмай жатқан көрінеді.