АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Астанада шілденің ортасында сириялық келіссөздердің бесінші раунды өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Астанадағы сириялық келіссөздердің келесі кезеңі шілденің ортасында өтеді. Астанадағы кездесуден екі апта бұрын Анкарада алдын ала консультациялар өтеді", — деп хабарлады жалпы отырыс барысында Қазақстандық СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов.
Әбдірахманов кепілгер мемлекеттердің мәлімдемесін оқып жатқан кезде сириялық оппозицияның бірнеше өкілі келіссөздерге Иранның қатысуына қарсы екені туралы айғайлаған.
Келіссөздердің төртінші раунды Астанада 3-4 мамырда өтіп жатыр. Барлық қатысушылар, кепілгер мемлекеттердің делегациялары мен байқаушылар Астанаға келді. Олар Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі мен қаруланған сириялық оппозиция өкілдері, сонымен қатар Иордания, АҚШ және БҰҰ жоғары деңгейдегі өкілдер.