Экономика

ҚТЖ 2017 жылы Ақтау теңіз порты мен бірнеше әуежайды сатады

© Photo : пресс-служба КТЖАқтау теңіз порты
Ақтау теңіз порты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық темір жол тасымалдаушысы ағымдағы жылы жекешелендіру аясында өзінің 20-дан астам активін сатады

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. 2017 жылы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ компаниялар тобының 20-дан астам активі сатылады, деп хабарлады тасымалдаушының баспасөз қызметі. 

Шараға "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы Қанат Алпысбаев қатысып, сөз сөйледі.

© Photo : АО "НК "Қазақстан темір жолы" Руководитель АО "НК "Қазақстан темір жолы" Канат Алпысбаев
Руководитель АО НК Қазақстан темір жолы Канат Алпысбаев - Sputnik Қазақстан
Руководитель АО "НК "Қазақстан темір жолы" Канат Алпысбаев

2017 жылы ҚТЖ компаниялары тобының 21 активі шығарылады. Олардың ішінде Ақтау халықаралық теңіз сауда порты мен "ҚТЖ" ҰК" АҚ сенімді басқаруындағы бірқатар өңірлік әуежайлар бәсекелес ортаға шығарылады. 

"Біз мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасына қазақстандық және шетелдік инвесторлардың белсенді қатысуын күтеміз",- дейді Қ. Алпысбаев. Бұл әрине өз кезегінде бизнес ортадағы инвестициялық ахуалдың жақсарып, елімізде орта және шағын бизнестің дамуына серпін беретіндігіне ол арқылы ІЖӨ өсетіндігіне сенім білдірді. 

Астана әуежайы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚТЖ Астана әуежайын жақсартуға қатысты ұсыныстарды қарастырады

Алпысбаевтың айтуынша, биылғы Жолдауда бизнес ортаны барынша түбегейлі жақсарту туралы тапсырма берілді. Осы мақсатта "ҚТЖ" ҰК" АҚ компаниялар тобы бірқатар активтерді бәсекелес ортаға шығару үшін белсенді қызмет атқаруда. Бұл шаралар Компанияның стратегиялық дамуы мен жекешелендірудің мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілуде. Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметінің тапсырмасына орай, "ҚТЖ" ҰК" АҚ теміржол компаниясы көліктік-логистикалық холдингке айналды. Холдингтің алдында транзиттік әлеуетті жүзеге асыра отырып, Қазақстанның Жаңа Жібек жолы бойындағы логистикалық хабы болып қалыптасуына қызмет етуде.

Алпысбаевтың айтуынша, "қазіргі таңда ҚТЖ компаниялары тобында мақсатты құрылымдық топтар құрылуда. Олар бейіндік активтерді шоғырландыру мен көлік-логистикалық бизнес сегментін бір бағытқа бейімдеп, сонымен қатар бейінді емес қосымша активтерді жекешелендіру көзделеді". 

Қазақстан темір жолы ҰҚ АҚ президенті  Қанат Алпысбаев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Контейнерлік тасымалдар Қазақстанды байытады

Жекешелендіруге теміржол техникалары мен құрал жабдықтарын шығаратын зауыттар, жүк және жолаушылар тасымалдау сегментіндегі активтер, көлік-логистикалық терминалдар, қосалық бейінді емес активтер шығарылады.

Алпысбаевтың айтуынша, (2014-2015) жекешелендірудің бірінші кезеңінде 21 актив шығарылып, одан 42,4 миллиард теңге түсті. Компанияның көптеген еншілес кәсіпорындары бастапқы бағасынан жоғары сомаға сатылды. Бұл өз кезегінде жеке сектордың ҚТЖ активіне деген сұранысының жоғары екендігін көрсетеді.

2016 жылы 11 актив жеке секторға шығарылып, 24 млрд. теңгеге бағаланды. "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ 50% акциясы Evolution сериясындағы локомотивтердің технологиясының меншік иесі мен негізгі жабдықтар жинағын жеткізуші «General Electric» компаниясына берілді.

 

Жаңалықтар
0