Қоғам

ҚТЖ Астана әуежайын жақсартуға қатысты ұсыныстарды қарастырады

© SputnikАстана әуежайы
Астана әуежайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Airport Management Group компаниясы Астана халықаралық әуежайында әдістеме-тәжірибелік шаралар жүргізіп, қызметті жақсартуға қатысты ұсыныстар берілген есепті ҚТЖ-ға тапсырды.

АСТАНА, 18 қаз — Sputnik.  "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-да Астана әуежайы қызметін жақсартуға қатысты ұсыныстарды қарастыру үшін арнайы жұмыс тобы құрылады.

Астана әуежайы - Sputnik Қазақстан
Экономика
Астана әуежайы 2017 жылы жолаушыларды 2,5 есе артық қабылдайтын болады

2016 жылы 1 шілде мен 19 қыркүйек аралығында Airport Management Group компаниясы Астана халықаралық әуежайында әдістеме-тәжірибелік шаралар жүргізді.

Жұмыс біткеннен кейін  Airport Management Group Астана әуежайы қызметін жақсартуға қатысты ұсыныстар берілген есепті ҚТЖ-ға тапсырды.

Бұл ұсыныстарды қарастыру үшін ҚТЖ-да арнайы жұмыс тобы құрылды. Бұл топ тиісті ұсыныстарды корпоративті шешімдер қабылдау үшін құзыретті органға жөнелтеді.  


Жаңалықтар
0