Экономика

Контейнерлік тасымалдар Қазақстанды байытады

© АО "НК "Қазақстан темір жолы""Қазақстан темір жолы" ҰҚ АҚ президенті Қанат Алпысбаев
Қазақстан темір жолы ҰҚ АҚ президенті  Қанат Алпысбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазақстан темір жолы" контейнерлік тасымалға деген сұраныстың артуына байланысты оның көлемін арттырмақшы.

АСТАНА, 1 қар — Sputnik. Қазақстан теміржол компаниясы "Қазақстан темір жолы" 2020 жылға қарай контейнерлік тасымалдан 4 миллиард доллар кіріс табуды көздеп отыр деп хабарлады ҚТЖ басшысы Қанат Алпысбаев бейнеконференциялық байланыс режиміндегі үкімет отырысында.

Компания алдағы жылдарда транзиттік және мультимодальдық көліктік-логистикалық қызметтер сегменті аясын кеңейтуді болжап отыр. 

"Қазақстанның транзиттік әлеуетін жүзеге асыру, контейнерлік тасымалды дамыту 2020 жылға қарай кірісті 4 миллиард долларға дейін жеткізуді қамтамасыз етеді. Қазақстанның көліктік-логистикалық секторын дамыту 2020 жылға қарай ЖІӨ 1%-ға көбеюін қамтамасыз етеді", — деді ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин. 

 ҚТЖ басшысының мәліметінше, 2016 жылы Азия-Еуропа бағытындағы контейнерлер тасымалының көлемі 2011 жылғы деңгейден 100 есе артады. 


Жаңалықтар
0