Экономика

Құлыбаев зейнетақы жүйесіндегі олқылықтар туралы: Ұлттық банк тарапынан қадағалау әлсіз

© Photo : Национальная палата предпринимателей Казахстана "Атамекен"Тимур Кулибаев
Тимур Кулибаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум төрағасы Ұлттық банк жұмысына сын айтты

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Парламент Мәжілісі "Нұр Отан" фракциясының кеңейтілген отырысында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев зейнетақы жинақтарын басқарудағы олқылықтардың бір себебі Ұлттық банк тарапынан жүргізілетін қадағалаудың әлсіздігі екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Тамара Дүйсенова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дүйсенова: Зейнет жасын көтерудің алғашқы кезеңіне іліккен әйелдер ұтады

"Бүкіл елдерде зейнетақы ресурстары ұзақмерзімді инвестициялардың көзі болып табылады. Біз жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру туралы шешім қабылдаған кезде негізге алған факторлардың бірі ретінде бұл жүйенің ұдайы өндіріс, инвестиция үшін ресурс екені қарастырылды", — деді Құлыбаев. 

Ол зейнетақы қаржысын жеке қорлар жинақтаған кезде басқарушы компаниялармен қиындық туғанын атап өтті. Сондықтан барлық зейнетақы жинағы бірыңғай мемлекеттік қорға берілді. 

"Енді не көріп отырмыз? Бар зейнетақы жинағын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жинап қойдық. Коммерциялық банктер басқара алмайды деген уәж айтылды. Сөйтіп бұл қаржыны қайда жіберді? Мемлекеттік борыш пен коммерциялық банктердегі депозиттерді пайдаланды. Яғни, кімнен алып қойса, қайта соларға басқаруға беріп отыр. Тек ұзақ уақытқа есептемей, қысқа мерзімді қаржыландыруға — депозиттерге берді", — деді Құлыбаев. 

Депутат мажилиса парламента РК Майра Айсина - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутаттар Үкімет пен Ұлттық банктен зейнетақы салымдарының қайда жұмсалып жатқанын сұрады

Оның айтуынша, зейнетақы активтерін тиімсіз басқарудың негізгі себебі Ұлттық банк тарапынан қадағалаудың жеткіліксіздігі болып отыр.  

"Ия, басқарушы компаниялар зейнетақы жинақтарын басқарған кезде заңнаманы бұзғаны рас. Осындай фактілер болды. Бірақ бұл қадағалаудың әлсіз болғанын көрсетеді. Яғни, Ұлттық банк қадағалау жүргізген кезде осы басқарушы компаниялармен жұмыс істеуі керек еді", — дейді Құлыбаев. 


Жаңалықтар
0