АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Мәжіліс депутаттары Премьер-министр пен Ұлттық банк төрағасына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне қатысты депутаттық сауал жолдады.
«Өңірлерге шыққан кезде байқағанымыздай, азаматтарды зейнетақы салымдары, олардың сақталуы, жалпы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі қатты алаңдатады екен», — деді Майра Айсина.
Депутат Инвестициялар және даму вице-министрі Алберт Раудың экономиканың кейбір секторларын қолдауға зейнетақы қорынан қаржы бағытталатынын мәлімдегенін еске салып өтті.
«Үкімет пен Ұлттық банктен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты қандай қаржылық құралдарға инвестицияланғаны бойынша ақпарат беруін сұраймыз. Қаражат қандай шарттар бойынша және қандай мерзімге берілді?», — деп түйіндеді ол.