Оқиға

Қазақстандағы су тасқыны: суды айдап шығару уақыты

© Photo : комитет по ЧС МВД РКЭкскаватор
Экскаватор - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында үйлерді әлі де су басып жатыр

АСТАНА, 26 сәуір — Sputnik. Қазақстанның солтүстігінде адамдарды қауіпсіз жерге көшіру мен бөгетті нығайту жұмыстары жалғасып жатыр, қалған өңірлерде суды айдап шығаруда. Су тасқыны жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті баяндайды.

Осылайша, өткен тәулікте Ақмола облысының барлық су басқан тұрғын үйлерден тасқын су бұрылып әкетілді және сорып алынды. Сондай-ақ, Қостанай және Қарағанды облыстарындағы он тұрғын үй судан босатылды. 

Солтүстік Қазақстандағы су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Солтүстік Қазақстанда су тасқыны үдей түсті

Қарағанды облысы Нұра ауданы Тассуат ауылындағы 5 тұрғын үй, Қостанай облысы Қарасу ауданы Жамбыл кентіндегі 7 үй, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауылындағы 9 үй су басқан күйінде қалып отыр. 

Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзеніндегі су деңгейінің артуынан 171 үйді су басты.  

Жергілікті жерлерде ТЖ Комитетінің бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, Ұлттық ұлан, Жергілікті полиция қызметкерлері мен жұмылдырылған ұйымдар жұмыс істейді. 

электр өткізгіш желісі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысында электростанцияны су басып, бүтін ауыл жарықсыз қалды

Су тасқынына қарсы іс-шараларға 1103 адам, 340 бірлік техника, 20 су сору құрылғысы және 23 жүзу құралы жұмылдырылда. 

Ақмола облысында ТЖК құтқару бөлімшелері суды сору, қорғаныш үймелерін мониторигтеу, психологиялық көмек көрсету, «қауырт желі» телефонын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ Атбасар ауданы Ашыкөл кентінің тұғындарын өткізу, дәрі-дәрмектер мен азық-түлік өнімдерін жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр.  

Қостанай облысында ТЖК Солтүстік өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының күшімен Қарасу ауданы Жамбыл кентіндегі тасқын суларды сору жұмыстарын жүргізуде. Жергілікті атқарушы органдармен және жұмылдырылған ұйымдармен бірлесіп бір тәулік ішінде 22 430 текше метр су сорып алынды. Сондай-ақ, құтқарушылыр Қарасу ауылында кезекшілікті жүзеге асыруда.   

Ақтөбе қаласында Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері саяжай учаскелері ауданындағы көлемі 3400 текше метр жиналып қалған қар суын сорып алды. Жұмыстар аяқталды.


Жаңалықтар
0