АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Есіл өзеніндегі судың деңгейінің көтерілуі шырқау шыңына жетуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қатысты ахуал күрделі болып тұр, деп хабарлады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
"Петропавл аумағында Есіл өзеніндегі судың деңгейі шырқау шыңына жетіп, соңғы 23 жылда болмаған көрсеткішті көрсетті. Дәл осындай көрсеткіш СҚО-да 1980 жылдан кейін соңғы рет 1994 жылы болған", — деп нақтылады Иманқұлов.
Сейсенбіге қараған түні облыс орталығында Есіл өзеніне жақын орналасқан кенттердегі 122 тұрғын үйді су басты. Дәл осындай қиын жағдай тері зауыты кентінде орын алып, 115 үй су астында қалса, Заречный кентінде үш үйді және Перминовый көшесіндегі төрт үйді су басты.
"Кожевенный зауыт кентінен сағат 11:00-ге СҚО ТЖ жөніндегі департамент пен республикалқ жедел құтқару жасағының күштерімен 215 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Сондай-ақ бір күн бұрын, 24 сәуірде РЖҚЖ құтқарушылары мен СҚО ТЖД жеке құрамы бірлесіп Заречный аулынан 26 адам мен 80 ұсақ мүйіз мал қауіпсіз жерге көшірді. Қауіпсіз жерге көшіру шаралары жалғасып жатыр", — деп атап өтті Иманқұлов.