Өңірлер

Ақмола облысында электростанцияны су басып, бүтін ауыл жарықсыз қалды

© Sputnik / Сергей Мальгавко / Медиабанкке өтуэлектр өткізгіш желісі
электр өткізгіш желісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төрт жүзден астам адам жарықсыз қалды

АСТАНА, 26 сәуір — Sputnik. Ақмола облысында еріген қар суы аралық станцияны басып, бүтін ауыл жарықсыз қалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға төтенше жағдайлар департаментінде. 

Есіл ауданының Знаменка ауылы Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты 35/10 кВ аралық станциясын су басты. "Аралық станция ауданындағы су деңгейі 80 сантиметр. Қазіргі уақытта аралық станция желіден ажыратылып, тоқсыздандырылды. Тұрғындар саны 460 адам болатын ауылдың 183 үйі электр қуатынан ажыратылды", — деп ақпараттандырды ТЖ департаментінде. 

Сондай-ақ Аршалы ауданында 25 сәуір күні сағат 14-те Жібек Жолы ауылында магистралдық суқұбыры желісі жарылды. Апат салдарынан 400 абонент судан ажыратылды. Су жеткізу ұйымдастырылды. Коммуналдық қызметтер жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

 

Жаңалықтар
0