Өңірлер

ТЖК: Су тасқыны Ақмола облысынан кетіп, солтүстікке қарай бет алды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуауыл тұрғыны
ауыл тұрғыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР Төтенше жағдайлар комитетінде су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі жағдай туралы айтып берді

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Үлкен су Ақмола облысынан кетіп жатыр. Бірнеше аудан әлі де су астында қалуда, бірақ жалпы, ТЖ жөніндегі комитеті ресми өкілінің сөзіне қарағанда су тасқынының беті қайтып жатыр. 

еріктілер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ақтөбе оқушылары тасқын судың салдарын жойып жатыр

Атбасарда апаттық жұмыстар басталып кетті: бөгетті бұзып, шығындарды есептеп жатыр. Бұрын хабарланғандай, ІІМ басшысы бөгетті құрылысы және оны пайдалану кезіндегі бұзушылықтар дерегі бойынша қылмыстық іс қозғауды тапсырған. Нәтижелер тергеу амалдары аяқталған соң хабарланатын болады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда жергілікті әкім жауапқа тартылады, өйткені бөгет мемлекеттің балансына жатады.

Алдағы күндері су тасқыны шегіне жетеді деп күтіліп Солтүстік Қазақстанда өткен тәуліктерде үйлердің су басуы тіркелген жоқ. Бұл ретте аула аймақтары — бақша, шаруашылық құрылысы және өзге де нысандарды су басқан. Адамдар мен үй жануарларын қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Қызылжар ауданының ауылдарында сегіз ауланы су басты, 10 адам, 59 бас ірі қара мал, 96 бас ұсақ мүйізді мал, 25 доңыз бен 12 жылқы қауіпсіз жерге көшірілді. 

Жанна Дауренбекова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Су тасқыны кезінде өзіңді қалай ұстау керек - маманның ақыл-кеңесі

Облыс орталығы — Петропавлда — Есіл өзені суының көтерілу деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр. СҚО ТЖД қызметкерлері арасынан бақылау бекеттерін орнатылды.

Хромзавод ауылында биіктігі 1,5 метр ұзындығы 50 метрге жететін бекет орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Заречный ауылында да алдын ала 118 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, туыстары мен көршілерінің үйлеріне орналастырылды. Ауылдың жеке үйлерінен 98 доңыз қауіпсіз жерге кешірілді. Сонымен қатар Кожевен зауыты аумағынан 23 бас сиыр, 20 бас ұсақ мүйізді мал және бір жылқы қауіпсіз жерге жеткізілді.

Жаңалықтар
0