Қоғам

Ақтөбе оқушылары тасқын судың салдарын жойып жатыр

© Sputnik / Олег Фролов / Медиабанкке өтуеріктілер
еріктілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбе облысында 11 сәуірден бастап күн күрт жылынды

АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Ақтөбеде күрек пен қаптарды қолына алған ерікті оқушылар тобы үлкен тасқын судың салдарын жойып, жүргізушілерге батпақтан шығуға көмектесіп жатыр.

"Сәлеметсіздер ме! Еріктілер командасы көмекке әзір. №55 мектептің 9-10 сынып оқушылары қазіргі уақытта Келешек ауданында көмектесіп жатыр. Егер көмек керек болса, біз сабақтан соң боспыз", — деп жазды балалар әлеуметтік желіде.

 

 

Еріктілерден көмек сұрап, 8-747-897-50-17 нөмірі бойынша жүгінуге болады.

Ақтөбені су басып жатқанына бір апта болды. Қазіргі уақытта 197 саяжайлық үй мен басқа құрылыстар су астында қалды. Төтенше жағдайлар комитеті облыс тұрғындарын қауіпсіз жерге көшу ықтималдығы туралы ескертті. Бұдан бұрын қоғам қайраткерлері жақын уақытта елордада су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету штабы ашылатыны туралы мәлімдеген.

Жаңалықтар
0