Қоғам

Су тасқыны кезінде өзіңді қалай ұстау керек - маманның ақыл-кеңесі

© Photo : Из личного архиваЖанна Дауренбекова
Жанна Дауренбекова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көктемгі шуақты күндер мен құстардың сайраған әні көңілімізді жадыратқанымен, елімізде қауіпті су тасқыны басталып кетті. Физика заңына сай мұздықтар еріп, өзендер арнасынан асып тасиды. Су тасқыны кезінде өзіңді қалай ұстау керектігі туралы төтенше жағдайлар жөніндегі комитет маманы Жанна Дәуренбекова айтып берді.
Как вести себя при приближении паводковых вод

Хабар келіп түскен соң, бірден су, газ және электр желісін, яғни барлық коммуникацияларды сөндіріңіз, пештегі отты өшіріп, герметикалық ыдысқа ас-су салып алған жөн. Терезелерді қымтап, есіктерді жауып қою қажет. Бағалы заттарды мүмкіндігінше жоғары қабатқа немесе шатырдың астына апарып қойыңыз, — дейді Жанна Дәуренбекова.

Ремонт дамбы на станции Разъезд 42 в Акмолинской области - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Божко елдегі су тасқыны туралы: бәріне табиғат кінәлі

Елімізде су тасқыны проблемасы жылда пайда болады. Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы елді мекендерді су басуда. Адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.

"Егер өз бетіңізбен көшуге жағдайыңыз болса, штабпен немесе жергілікті атқару органдарымен келісіп, елді мекеннен қатынайтын жолдардағы ахуалды біліп алған жөн", — деді төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің бас маманы.

Маманның кеңесінше, су аяқ асты келіп қалса, тез арада биік жерге шығып алу қажет, мәселен, үйдің төбесіне. Күндіз ашық түсті матаның көмегімен,түнде шамдар арқылы жәрдем шақыру керек.

Су тасқыны кезінде не істеуге болмайды деген сұраққа жауапты аудио материалдан тыңдай аласыздар.

Жаңалықтар
0