АСТАНА, 24 нау – Sputnik. Полиция қызметкерлері Ақтөбе облысында болған 20 жыл бұрынғы әйел мен оның інісін өлтіру қылмысын ашты, деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық Қаратаусай аулының 30 жастағы тұрғыны мен оның 17 жастағы бауырының денелері 1996 жылдың 22 қаңтарында өздерінің үйінде табылған.
Тергеу барысында полиция екі такси жүргізушісінен жауап алды. Біріншісі бір күн бұрын қаза тапқан жігіт пен бейтаныс адамды Мәртүк ауылынан Қаратаусай аулына жеткізген. Екіншісі сол адамды кішкентай қызбен келесі келесі күні кері бағытта апарып салған. Бұдан бөлек, өлген әйелдің алты жасар қызы жоқ болып кетті.
ТМД елдері полициясымен бірлескен жұмыс барысында осыған ұқсас қылмыстар Ресей және Украинада жасалғаны анықталды. Мәселен, РФ Тамбов облысы Новохмелевое ауылында 1996 жылғы қаңтарда алты адам өлтірілді. Сол жылғы ақпанда ресейлік Курск облысында тағы екі адамды өлтірген.
Полиция мен ТМД құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысының нәтижесінде сексуалдық негізде жасалған тағы бір қылмыс үшін жазасын Украинаның Хмельницк облысындағы түзету колониясында өтеп жатқан 1961 жылғы Украина азаматы анықталды.
Ақтөбе облысындағы куәгерлер сурет бойынша қылмыскерді таныды.
Украинаға Ақтөбе ІІД ерекше маңызды істер жөніндегі аға тергеуші аттанып, күдіктіден жауап алды және сараптама жасау үшін оның биологиялық үлгілерін алды.
"Генетикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, Қаратаусай ауылында 1996 жылы өлтірілгендердің денесінен алынған сперма Украинада жазасын өтеп жатқан күдіктіге тиесілі", — делінген хабарламада.
Осы және өзге дәлелдердің көмегімен күдіктінің Ақтөбе облысында қылмыс жасағаны анықталды. Қылмыстық қудалау мен сотқа беру үшін қылмыстық іс Қазақстанның бас прокуратурасы арқылы Украинаға жіберілді.