АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. Ақтөбе облысындағы Милы ауылында жеті жасар баланың өлімі тергеліп жатқанына бір жыл болып қалды. Енді бұл істе жаңа күдікті пайда болып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жеті жасар Саян 2016 жылғы 27 сәуірде мектепке барар жолда жоғалып кетті. Келесі күні бала өзінің әжесі мен атасының артқы ауласынан өлі күйінде табылған. Денесі целлофанға оралған болатын. Сараптама баланы тұншықтырып өлтіргенін көрсетті. Басқа зорлық белгілері анықталмаған.
Милы ауылында бар болғаны 40 үй бар, тұрғындарының бәрі бірін-бірі біледі. Бірақ бұл жан түршігерлік қылмысты кімнің жасағанын осы күнге дейін анықтай алмай отыр. Жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда, өткен жылдың жазында күдікті ретінде баланың ақыл-есі кем туысы болған. Бірақ кейін әйел емханаға жатқызылған. Енді тергеуші басқа біреуден күдіктеніп отырған секілді.
Милы тұрғыны Асылбек Құлтанов Sputnik Қазақстанға енді оның зайыбы күдік болып отырғанын хабарлады.
"Қазір полиция қызметкерлері менің әйелімді айыптап отыр. Көршіміз бұрын берген түсінігін өзгертіп, сол күні бала біздің үйдің жанынан өтті деп айтыпты. Саянды менің зайыбымен көрген-міс. Алайда тергеудің басында ондай сөз болмаған", — дейді Құлтанов.
Оның сөзіне қарағанда, әйеліне жала жабылып жатыр екен.
"Қазір мен қандай мақсатпен куәгерлер мен күдіктілерге қысым жасалып жатқанын анықтау үшін прокуратураға келдім. Барлығы заңды болсын. Осыған дейін баланың туған тәтесі барлығын мойындағанын айтады, оны неліктен жауапқа тартпай жатқанын түсініксіз. Ақыл-есі дұрыс болvfғандықтан болар. Мен нақты айта алмаймын. Бірақ менің әйелімнің бұған қатысы жоқ", — деп мәлім етті ер адам.
Оның айтуынша, әйелі үй шаруасында екен, төрт бала тәрбиелеп отыр, ешқашан қатыгездік танытпаған. Қазір күдіктіге ешқайда кетпеу бұлтартпау шарасы қабылданған.
Ақтөбе облысының ішкі істер департаментінде тергеу құпиясын алға тартып, пікір білдіруден бас тартты.