Қоғам

Ақтөбе тұрғыны әлеуметтік желіде ислам діни әндерін жариялағаны үшін сотталады

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуЛоготип "Вконтакте"
Логотип Вконтакте - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тергеушілердің мәліметінше, 18 жасар бозбала "Вконтакте" парақшасында терроризмді насихаттайтын 8 аудиофайл жариялаған. Жас жігіттің мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

АСТАНА, 11 қар — Sputnik.  Ақтөбе қаласының 18 жасар студенті Мәулид Еменов 9 қараша күні сот алдына келді. ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі "Телекоммуникация желілерін пайдаланып терроризмді насихаттау" бойынша қылмыс жасағаны үшін айып тағылды деп жазады Актобе таймс

Басылымның мәліметінше, Maka Muslim деген атпен "ВКонтактеде" жеке парақша ашқан Мәулид ата-әжесінің қолында тәрбиеленген. Әкесі жоқ, анасы бөлек тұрады. Мәулид ақтөбелік сервис колледжінде оқиды.

Судья алматылық атқыш Руслан Күлекбаевқа шығарылған үкімді оқып тұр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Күлекбаевқа шығарылған үкім: судья заңды негіздемелерді түсіндірді

Тергеу нәтижесі көрсеткендей, осы жылдың тамыз айында жігіт анасының смартфонын алып, әлеуметтік желіге тіркелген. Сосын ол парақшасына мұсылман діни әндері – нашидтерді қосқан, олардың арасында "Призыв на джихад", "Побуждай", "Идем же сражаться, идем же, идем" аудиофайлдары болған. Әуендердің жартысы араб тілінде.

Мемлекеттік айып тағушының мәлімдеуінше, айыпталушы радикалды сипаттағы діни көзқараста. 

"Тамыз айынан бастап бес уақыт намаз оқи бастадым. Қазір оқымаймын, өйткені бәрін түсіндім. Қазіргі режим оған мүмкіндік бермейді", — деді сотталушы.

Мәулид аудиофайлдарды жариялағанын мойындағанымен, ешкіммен бөліспегенін айтты. 

Жаңалықтар
0