АСТАНА, 28 жел — Sputnik. Ақмола облысы ІІД қылмыстық полиция майоры Жәнібек Баймурзинге қалалық ІІБ жедел қызметкері Дархан Еламановты өлтірді деген күдік тағылып отыр деп хабарлады облыстық прокуратура Sputnik агенттігіне.
Ведомство мәліметінше, 26 желтоқсанда Көкшетау қалалық ІІБ 25 желтоқсан күні Көкшетау ІІБ ЖКБ-нің 1989 жылы туылған жедел қызметкері Еламанов Дархан Мұратұлының жоғалып кетуіне байланысты сот алды тергеу ісін бастады. Сол күні сот алды тергеу жұмыстары ҚК 99-бабы, 1-бөлігіне (Кісі өлтіру) ауыстырылды.
"Жедел іздестіру шаралары барысында жасалған қылмысқа Ақмола облысы ІІД ҚПБ жедел қызметкері, полиция майоры 1984 жылы туылған Баймурзин Жәнібек Қайырбекұлының қатысы бары анықталды. 27 желтоқсан күні Баймурзин ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деп ақпарат берді прокуратура.
Баймурзин кісі өлтіргенін мойындап, қылмыстық істі тергеуге көмектесетінін мәлімдеді.