АСТАНА, 28 жел — Sputnik. Алдын ала болжам бойынша Көкшетауда табельдік тапаншадан оқ тию салдарынан қаза тапқан офицер Дархан Еламановтың жақындары өлтірушіге ең ауыр жазаны талап етіп отыр. Sputnik Қазақстанға берген сұхбатта олар қылмыскерді жазадан әкетуі мүмкін немесе жеңіл жаза тағайындайды деген алаңдаушылықтарымен бөлісті.
Көкшетау маңы Красный яр ауылындағы Еламановтар отбасының жас полиция қызметкерінің жоғалып кеткеннен бері ұйықтамағанына екі тәулік болды. Сейсенбі күні күндіз Дарханның көз жұмғаны белгілі болған.
Қаза тапқанның әкесі мен үлкен ағасы — Мұрат және Нұрбек Еламановтар – қан жұтып отыр. Бірақ бекем болуға тырысады. Олар үшін Дарханды өлтірген күдіктінің тиісті жазасын алғаны маңызды.
"Ұлым 25 желтоқсан күні таңертең нарядқа түсті, — деп еске алды отағасы. – Сыртқы бейне бақылау камераларының көрсетуіне сәйкес, Дархан ғимараттан күндізгі сағат бестерде шығып, қайта оралмаған. Бізге полицияда осылай айтты, өзіміз камера жазбаларын көрген жоқпыз. Соңғы болып онымен келінім сөйлескен, сағат 20:55-тер шамасында, ұлым жұмыстармен сыртқа шықтым деген — болды. Бар болғаны 17 секунд сөйлескен. Айжан (қаза тапқанның зайыбы – еск.) түнде де, таңғы жетіден бастап та телефон соққан – тұтқаны көтермеді. Бізде алаңдай бастадық, бірақ біз де хабарласа алмадық.
Таңертең Көкшетау криминалдық полициясы бөлімінің бастығы, есімі Досбол Жапаров қой деймін. Таңғы сағат төрттерден бастап Дарханның ІІБ ғимаратта болмағанын, өзімен табельдік тапанша алып кеткенін айтты. Басқармаға келуімді ұсынды. Ол жерде қоңырауларды тексеріп, оның телефонынан соңғы қоңырау Абай көшесі бойындағы ХҚКО ғимараты маңынан жасалғанын айтты. Сол кезден бастап біз іздестірдік. Жалпы жүзге жуық адам жұмылды – туыстарымыз, ұлымның жолдастары мен таныстар. Ең алдымен "красноярлық саяжайлар" ауданын тексердік".
Дарханның жақындары соңына дейін, жігіттің тірі екеніне үміттенді. Бәлкім оны күштеп ұстап отырған болар, құтқаруға үлгерерміз деп ойлады.
"Белгілі бір уақыттарда біз ІІБ келіп, полицияның жазбаша сұрақтарына жауап беріп тұрдық, — деп жалғастырды ер кісі. – Кеше таңғы 7-де іздестіруді жалғастырдық. Үнпарақтар шығарып алып, еріктілермен бірге қала бойынша жабыстырып шықтық. Сосын бізді полицияда күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Ал ұлымның денесін тапқаны туралы айтпады. Әзіргі ақпарат жоқ деп, іздеп жатқандарын хабарлады. Біз іздестіруді жалғастыра бердік. Жергілікті телеарнаға жүгіндік. Ал түсте барлығы белгілі болды… "
Қаза тапқан офицердің ағасы Нұрбек Еламанов Дарханның денесін оларға әлі көрсетпегендігін атап өтті.
"Ертең (28 жел) түстен кейін әкете алатынымызды айтты. – дейді Нұрбек. – Алдын ала хабарлауларына сәйкес, оқ жарақаты болған, мойнына тиген жалғыз жарақат бірден өлтірген. Қарға көмілген денесін Бурабай ауданының Кеңесары ауылының маңынан тапқан. Өлтірген адам оны іш киіміне дейін шешіндіріп, формасы мен ұялы телефонын өртеп жібереді. Онымен бірге інімнің табелдік қаруы, құжаттары мен неке жүзігі болған".
Дархан осы жылғы қыркүйекте Айжанға үйленген. Отбасының айтуынша, олар он жыл кездескен, қыз оны әскерден күткен. Бірнеше айдан кейін олардың сәбилері туылуы тиіс.
"Дархан үнемі жетістікке ұмтылатын: заң факультетін тәмамдап, сосын әскерге барды, өзіндік қауіпсіздік басқармасында, "Күзетте" көшіқон полициясыда және екі жыл – Көкшетау ІІД-нің криминалдық полиция бөлімінде жұмыс істеді. Лейтенант атағын, біраз уақыт өте аға лейтенат атағын алды. Біз криминалдық полиция бөлімі бастығының кабинетінде болдық, әріптестері бауырымды мақтап жытыр. Олар болған оқиғаның бүкіл жеке құрамды есеңгіреткенін мойындады. Дарханнан ішкілік немесе өрескел мінез байқамағандарын айтты. ҚР Тәуелсіздік күніне орай, 16 желтоқсанда оны облыстық ІІД бастығының алғыс хатымен марапаттап, сыйақы берді", — дей келе Нұрбек рамкадағы марапатты көрсетті.
Жақындары өз алаңдаушылықтарымен бөлісті
"Біз күдіктінің туыстары органдарда, сотта, прокуратурада жұмыс істейтінін есіттік. Оның өзі, біздің білеуімізше облыстық ІІД-де жұмыс істейді. Қылмыскердің жазадан сытылып немесе оған өзі лайықты жазадан жеңіл жаза тағайындалады ма деп, қорқып отырмыз. Біз қызмет атқару кезінде әріптесін атып тастаған, оның ата-анасының қанатын кескен, оның жас жарын жесір еткен полицейге лайықты жазаның тағайындалғанын қалаймыз. Ең бастысы полиция мундирдің абыройын сақтап қалу үшін дұрыс жол таңдаса болғаны", — деп атап өтті ер адам.
ІІД-нің ақпаратына сәйкес, "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жатқызылды. Қылмыстық істі тергеу аясында кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің берген түсініктемелеріне қарағанда, ол бұл қылмысқа жеке жек көруден барған. Қазіргі уақытта қаза тапқан жігіттің денесі табылды, сараптамалар тағайындалды. Күдіктінің кінәсін мойындаған түсініктемелері бар. Затты айғақтар алынған.
Дархан Еламановпен қоштасу 29 желтоқсанда таңғы сағат 10-да өтеді. Полицейдің денесін Красный Ярдағы үйінен шығарып, Зеренді ауданының Ақан ауылына қояды.