АСТАНА, 27 жел — Sputnik. Көкшетауда WhatsApp мессенджері арқылы 1989 жылы туылған аға лейтенантының жоғалып кеткендігі туралы хабар тарап кетті.
"Көкшетау ІІБ ЖКБ қызметкері, полиция аға лейтенанты Еламанов Дархан Мұратұлы 25 желтоқсан күні сағат 8-де жедел-тергеу тобымен кезекшілікке шыққан. 20 сағат 17 минутта белгісіз себептерге байланысты ІІБ ғимаратынан шығып кетеді, одан кейін қайда кеткені белгісіз", — делінген хабарламада.
Көкшетау ІІБ кезекші бөлімі бұл деректі растағанымен, түсініктеме беруден бас тартты.
© Photo : БағыттамаКөкшетауда полицей із-түссіз жоғалып кетті
Көкшетауда полицей із-түссіз жоғалып кетті
© Photo : Бағыттама
ІІД баспасөз қызметі хабарлауынша, жоғалып кеткен қызметкерді табу үшін жедел іздеу шараларының толық кешені жүргізілуде.
Жоғалып кеткен офицердің түр-сипаты: бойы – 170-175 сантиметр, орташа денелі, қысқы полиция формасын киген.