Оқиға

Ақмола облысында психикалық дертке шалдыққан әйел адам жоғалып кетті

CC0 / / Әйел адам
Әйел адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Психикалық дертке шалдыққан әйел 29 қарашада жоғалып кеткен.

АСТАНА, 7 жел – Sputnik.  Ақмола облысында полиция қызметкерлері 29 қарашада жоғалып кеткен Астрахан ауданы Жалтыр аулының 53 жастағы тұрғынын іздестіруде деп хабарлайды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

53 жастағы әйел адамның жоғалғандығы туралы арыз Астрахан аудандық ІІБ-не 6 желтоқсанда түскен.

"Лукьянова В. М. жалғыз тұрып жатқан, үш ересек баласы Астанада тұрып жұмыс істейді. Жоғалып кеткен әйелдің туысқаны берген мәлімет бойынша, әйел адам психикалық дертке шалдыққан, ауыл тұрғындарының ешқайсымен араласпайды. 29 қараша күні Лукьянованың жоғалып кеткендігін тәтесі біліп, балаларына хабар берген. Туған-туыстары әйелді бір апта бойы өздері іздепті, өйткені ол бұдан бұрын да үйінен кетіп қалатын болған", — деп хабарлайды ведомство.

Полиция - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада жоғалған спортшы қыз Қарағанды облысында табылды

Лукьянова Венераны іздеуге Астрахан ауданы және өңірдегі басқа да ІІБ-дерінің жеке құрамы бөлінді. Полицейлер, туған-туыстар және ауыл тұрғындарынан құрылған бірнеше топ іздеуді жалғастыруда.

Жоғалып кеткен әйелдің бойы 155-160 см, дене бітімі орташа, жирен шашты. Қара пальто, тоқылған берет, қара қыстық етік киген. 

Жаңалықтар
0