Оқиға

Көкшетауда жоғалып кеткен полицияны өлтірді деген күдікті ұсталды

CC0 / Anja Osenberg / полиция қызметкері
полиция қызметкері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұсталған полиция қызметкері болып табылады.

АСТАНА, 27 жел — Sputnik. Көкшетауда жоғалып кеткен полиция қызметкері өлі табылды, оны өлтірді деген  күдікті ұсталды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі. 

ІІД-нің ақпаратына сәйкес, 26 желтоқсанда Ақмола облыстық ІІД қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 2016 жылдың 25 желтоқсанында жоғалып кеткен аға лейтенант Д.М.Еламановты өлтірді деген күдік бойынша полиция қызметкерін ұстады.

"Күдіктінің берген түсініктемелеріне қарағанда, ол бұл қылмысқа жеке жек көруден барған. Қазіргі уақытта қаза тапқан жігіттің денесі табылды, сараптамалар тағайындалды. Күдіктінің кінәсін мойындаған түсініктемелері бар. Затты айғақтар алынған", — делінген хабарламада. 

"Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жатқызылды.  Қылмыстық істі тергеу аясында кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.


Жаңалықтар
0