АСТАНА, 1 нау – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев оның Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті болып тағайындалғанддығы туралы БАҚ-та жарияланған ақпаратқа қатысты пікірін білдірді.
"Жаңалық тез тарап кетіп, енді жаңалық болмай қалған секілді. Бірақ өзімнің пікір білдіргенім дұрыс болар. Кеше мен ҚФФ-да қызметке тағайындалдым. Көпшіліктің "міндетін атқарушысы" дегенді байқамағаны таңғаларлық. Байқамағандарың бекер – бұл маңызды. Әзірге "Айсұлтан Назарбаев ҚФФ вице-президенті болып тағайындалды" деген тақырыптар шындыққа жанаспайды. Арнайы заңды рәсім бар, оған дейін мен әлі вице-президент емеспін", — деп жазды Айсұлтан өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.
Бұл ретте ол, кейбіреулердің оны құттықтап үлгергенін, ал енді біреулер теріс пікір білдіру үшін себеп тапқаны туралы айтты. Алайда, Айсұлтанның атап өтуінше, "пайымдау жасауға асықпай пікір білдірулерді күтетін парасатты адамдар да жеткілікті".
Осы адамдарға президенттің немересінің айтары бар.
Ол ҚФФ-ның алдыңғы басшылығына қатысты қатаң ұстанымы болғанын, айтқан сындарының бірде-бір сөзін қайтарып алмайтынын еске салды. Пікірінің басты мақсаты – отандық футболдың өңделу механизмін жасау екен.
"Қазақстандық футболды, өміріміздің басқа жақтарын қаншалықты өзгертуге күшіміз жетеді? Сын айту "кәсіби оппозиционер" болуды білдірмейтінін жақсы білемін. Ұлттық футболға оппозиция емеспін! Сондықтан жаңа адамдар маған қол ұшын созып, бірге болуды сұрағанда оған атүсті қарамадым", — дейді Айсұлтан Назарбаев.
Оның сөзіне қарағанда, ҚФФ-ның жаңа басшылығымен кездесу өтіп, онда ашық әңгіме болған. Адамдардың істі жете түсініп, пайда болған және жиналып қалған проблемалардың бастан асатынын түсінетін адамдардың сөзін тыңдағаннан кейін шешім өзі жасалыпты.
Енді футболды көтеру үшін, оның пікірінше, бейбітшілік, келісім және жасампаздық жалпыға бірдей ұмтылыс керек. Бірігу керектігін айтты.
"Мен жасауға тиіс нәрсені жасап жатырмын. Жеке басымның қалауына қарамастан. Бүгінгі шешімімде жеке бас шаруам жоқ. ҚФФ жетекшісі емеспін, стратегияны анықтамаймын, федерацияның жұмысындағы негізгі бағыттарға әсер ете алмаймын. Футбол бізді алаңға шыққанымызда команда болуға үйретеді. Мұнда жеке шаруа болмайды, пікірлер қайшылығы мен менмендікке жол жоқ. Ортақ мақсат болса, оған бәрі де кіріседі. Сондықтан ҚФФ командасында мен ортақ игілік үшін бір саланы қолға алып, көркейтуге дайын қарапайым, қатардағы жұмысшымын", — деп қосты президенттің немересі.
Сондай-ақ, оның атап өтуінше ФИФА-мен және УЕФА-мен, ұлттық федерациялармен байланыс орнату — даму үшін ең маңызды мәселелердің бірі, сондықтан терең ішкі өзгерістерге өту шешімі қабылданғаннан кейін үлкен футбол отбасының қолдауына ие болу қажет екенін.