АСТАНА, 30 қар — Sputnik. Қазақстан президентінің немересі Айсұлтан Назарбаев Facebook желісіндегі өзінің парақшасында Қазақстан футбол федерациясына қатысты кезекті пост жариялады.
Бұдан бұрын Айсұлтан футбол федерациясының жұмысын бірнеше рет сынға алған. Атап айтқанда бұрынғы басшысы Ерлан Қожағапанованы. Қазақстан футбол федерациясын басқаруға дайын екенін де мәлімдеген.
"Иә, мен қазақстандық футболдың жетекшісі емеспін… Мұндай әңгімені мен туған атаммен де жүргізген жоқпын! Мәселе көкіректікте емес, билікке ұмтылу мен көрсетімді сәттілікте де емес. Мен олар секілді емеспін. Мен үшін абырой мен намыс – басты құндылық", — деп жазды Айсұлтан Назарбаев.
2014 жылғы желтоқсаннан бері ҚФФ басқарған Ерлан Қожағапанов 2016 жылғы қазанда қызметтен кетті. Бірнеше күн бұрын, 28 қарашада футбол федерациясының басшысы қызметіне КСРО құрамасы мен "Қайраттың" бұрынғы қорғаушысы Сейілдә Байшақов тағайындалды.