Оқиға

Жәнібеков пен Қазақфильм топ-менеджері кепілақымен босатылуы мүмкін

© Sputnik / Сергей КимТалгад Жәнібеков пен Гаухар Искакова
Талгад Жәнібеков пен Гаухар Искакова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Адвокаттар Ысқақованың денсаулығы мен Жәнібековтің отбасылық жағдайын алға тартып отыр

АСТАНА, 27 ақп — Sputnik. Алматы қаласы №2 Медеу аудандық сотында "Феникс" кинокартинасын түсіруге бөлінген қаражатты ұрлады және талан таражға салды деген айыптау бойынша алдын ала тыңдау өтті. 

Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Феникс" режиссері Жәнібеков екі айға қамауға алынды

Сотталушылар қатарында – түсіру командасының тоғыз мүшесі, кинокомпания қызметкерлері, олардың ішінде "Қазақфильмнің" бұрынғы топ-менеджері бар. Олардың төртеуіне, оның ішінде бұрын қамауға алынған режиссер Талғат Жәнібеков пен "Қазақфильм" АҚ бұрынғы басқару директоры Гауһар Ысқақоваға және бұрын кінәсін мойындаған фильмнің бас продюсері Тұңғышбай Жаманқұловқа бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иеленді және талан таражға салды деген айып тағылы. Осы қылмыс жасады деген айып атқарушы продюсер Наталья Юдинаға да тағылды.

Қалған сотталушылар көмектесті деп айыпталуда.

Бүгін Жәнібеков пен Ысқақованың адвокаттары клиенттерінің бұлтарпау шарасын өзгерту туралы мәселе көтерді. Барлық күдіктілер арасынан олар ғана абақтыға тоғытылған болатын. Бұрын қамауға алынған Тұңғышбай Жаманқұлов өткен жылдың қарашасында кінәсін мойындап, шығынды жартылай өтегеннен кейін кепілақымен босатылған. 

Гауһар Ысқақоваға келер болсақ, қорғау әйелді кепілақымен босатуға уәж ретінде оның денсаулығының нашарлығы мен жүрегінің ауыруы мен қан қысымының көтерілуін келтірді. Адвокаттың сөзіне қарағанда, тергеу изоляторында дұрыс медициналық көмек көрсетілмейді. 

Қожамжаров - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қожамжаров жемқорлар туралы: біз үшін тиісуге болмайды деген жоқ

Талгат Жәнібековтің асырауында үш баласы, жұмыс істемейтін әйелі мен 90 жастағы анасы бар. Қорғаудың пікірінше, бұл режиссерді үкім жарияланғанға дейін кепілақымен босатуға себеп болады екен. 

Өзге сотталушылар, зардап шеккен министрлік өкілінің өзі өтінішті қолдады. Алайда, тағы бір адвокаттық өтініш болды. "Мемлекеттік бюджеттік ақшаны бүгінгі таңда жойылған комитет бөлген. Осылайша, мәдениет және спорт министрлігі қылмыстық іс бойынша жәбірленуші бола алмайды. Өйткені бұл министрлікке ешқандай мүліктік зиян келтірілмеген. Бұдан бөлек, министрлік жойылған комитеттің құқықтық қабылдаушысы болып табылмайды", —  деп оқыды өзінің өтінішін Жәнібековтің адвокаты Серік Айтбаев. 

© Sputnik / Сергей КимТалгад Жәнібеков сотта
Талгад Жәнібеков сотта   - Sputnik Қазақстан
Талгад Жәнібеков сотта

Судья ойлану үшін үзіліс алды – бұлтарпау шарасын өзгерту бойынша және өзге өтініштер бойынша шешім ертең жарияланатын болады.

Тұңғышбай Жаманқұлов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жаманқұлов ұрланған 6 миллион теңгені мемлекетке қайтарды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мәліметтеріне сәйкес, "Қазақфильм" АҚ фильм түсірілімінің дайындық кезеңдері үшін "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-не 79 миллион теңге қаражат аударған. Оның 69 миллион теңгесін "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС құрушысы, кинокартинаның бас продюсері Жаманқұлов ұрлады деп айыпталған. Кейіннен ол кінәсін мойындап, 6 миллион теңге қайтарды. Сонымен қатар "Қазақфильм" алдындағы қарызды жабуға уәде берген. 


Жаңалықтар
0