Оқиға

"Феникс" режиссері Жәнібеков екі айға қамауға алынды

© Sputnik / Виталий БелоусовҚамауға алу
Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Талгад Жәнібековке бюджеттік қаражатты жымқырды деген күдік келтірілді

АСТАНА, 29 жел — Sputnik. Сот "Феникс" фильмінің режиссері Талгад Жәнібековті қамауға алуға санкция берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тергеу жедел тобының өтініші бүгін қарлады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Алматы қалалық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Дияс Махамбетов. 

"№2 Медеу аудандық соты тергеу жедел тобының Алматы прокурорының орынбасарымен келісілген  ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасады деген айып тағылып отыр Талгад Жәнібековке қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдан тралы өтінішін қарады. Сот екі айға қамауға алу бұлтарпау шарасын санкциялауға қаулы етті", — деп хабарлады Махамбетов.

Бір күн бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Талгад Жәнібековті жауап алуға шақырғаннан кейін ұстаған. Режиссер қарсылық білдіру ретінде аштық жариялады. Жәнібековтің  адвокаты Серік Айтбаев оның клиентіне фильмнің бюджетімен қарастырылмаған қаражатты жаратты деген айып тағылып отыр деп хабарлаған. 


Жаңалықтар
0