Қоғам

Жаманқұлов ұрланған 6 миллион теңгені мемлекетке қайтарды

© Photo : arnapress.kz Тұңғышбай Жаманқұлов
Тұңғышбай Жаманқұлов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Актерге 69 миллион қымқырды деген айып тағылған, ол бұл ақшаның түгелдей қайтармақшы.

АСТАНА, 16 қар — Sputnik. "Феникс" фильмін түсіруге бөлінген ақшалай қаражатты қымқырғанын мойындаған танымал қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұлов  алты миллион теңгені қайтарып берді деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Қайрат Қожамжаров.

Бұдан бұрын Жаманқұловтың жартылай өтемақы төлегені айтылған еді, актердің тұлғасы, жасы мен мүлкін кепілге бергені ескеріліп, оған қатысты «кепіл» бұлтартпау шарасы таңдалынған.

"Қазіргі уақытта ол алты миллион теңгедей қаражатты қайтарды. Сонымен қатар, "Қазақфильм" алдындағы бүкіл қарызын төлейтінін мәлімдеді. Міне, осы міндеттіліктерді мойнына алды", — деді Қожамжаров парламент мәжілісі отырысынан кейін тілшілерге.

Тұңғышбай Жаманқұлов - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Жаманқұловтың президенттен араша түсуді сұраған бейнеүндеуі

Танымал актер Тұңғышбай Жаманқұлов 2 қараша күні "Феникс" фильмін түсіруге бөлінген 69 миллион теңге қымқырды деген күдікпен ұсталды. Актер айыбын толығымен мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдіріп, келтірген зиянды түгелдей өтейтінін айтқан болатын. 

Сонымен қатар, Жаманқұлов қылмыстық жауапкершілікке тартылмауын сұрап, өтініш берген еді. Бұл өтініш келтірілген зиян толығымен өтелген соң ғана қарастырылады. 

Жаңалықтар
0