АСТАНА, 8 қар — Sputnik. Қазақстан халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталғанға дейін бірнеше күн бұрын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бейнеөтініш жазып, алдағы өміріне араласуын сұраған екен.
Бейнеөтініш Youtube желісінде сейсенбі күні жарық көрді. Автордың мәлімдеуінше, бейнежазба 27 қазанда жасалған.
Қазақ киносының майталманы Тұңғышбай Жаманқұлов 2 қараша күні "Феникс" фильмінің түсіріліміне бөлінген 69 миллион теңгені қымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Ол айыбын мойындап, келтірген шығынды өтеймін деп кепілдеме беріп қамаудан босап шыққан еді. Оның ісі бойынша тергеу ісі жалғасуда.
Бұдан бұрын "Феникс" картинасының режиссері Талғат Жәнібеков мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын жемқорлық істегені үшін айыптаған. Бірақ кейіннен жала жапқаны үшін 1 миллион теңге айыппұл төлеуге мәжбүр болды.