Қоғам

Түрмеде азаптаудан үш сотталушы көз жұмып, біреуі өз-өзіне қол жұмсаған

© Sputnik / Олег Ласточкин / Медиабанкке өтуАрхивное фото колонии
Архивное фото колонии - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы бес жылда елімізде адамдарды азаптаған 140 лауазымды тұлға сотталды.

АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Соңғы бір жарым жылда Ақмола мен Павлодар облыстарындағы колонияларда азаптаудан үш сотталушы қайтыс болып, қорлыққа шыдамаған біреуі өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы бүгін түрме реформасына арналған IV форум барысында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель жеткізді. 

«2010 жылы елімізде болған БҰҰ-ның арнайы баяндамашысының бағасына сәйкес азаптау жеке оқиғалар аясынан шығып барады. Жыл сайын Қазақстанда жауап алу мен тергеудің қатыгез тәсілдері және қылмыстық жазалауды орындаудағы зорлыққа қатысты 700-ге жуық арыз тіркеледі», — деді Меркель. 

Оның айтуынша, соңғы бес жылда адамдарды азаптаған 140 лауазымды тұлға сотталған. 

Генеральный прокурор Казахстана Жакип Асанов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бас прокурор: Кейбір қызметкерлеріміз азаматтарды қинап, ұрып-соғып, арын аяққа басады

«Алматыда Слекишина зорланып, оның бала туғаны көпшілікке белгілі.  Ақмола, Павлодар облыстарындағы колонияларда соңғы бір жарым жылда азаптаудан үш сотталушы қайтыс болды. Азаптауға шыдамаған біреуі өз-өзіне қол жұмсаған. Бұндай фактілер қоғамға белгілі болып, бұқаралық апарат құрадары мен интернетте талқыланады. Халықаралық құқық қорғаушы құрылымдардың да назарына ілігеді. 2008 жылдан бастап БҰҰ-ның адамдарды азаптау бойынша комиеті Қазақстанды он шағым бойынша конвенция талаптарын бұзды деп таныды», — деді ол. 

Азаптаудың себебі қандай? Неге қолданыстағы тетіктер іске аспай отыр? Ең алдымен Меркельдің аутынша, бұл сұрақтың жауабы азаптаудың мақсатында жатыр. 

«Ол екеу. 90 пайыз жағдайда кәнісін мойындайтын жауап алып, қылмысты ашу үшін адамдарды азаптайды. Тағы 10 пайызы түзету мекемелерінде оны басып-жаншып, бас көтертпеу, айтқанын орындамағаны үшін жазалау болып табылады. Екіншіден, қылмыстық кодекстің азаптау бойынша 146-бабының санкциялары бас бостандығынан айырмауға байланысты емес жазаны тағайындауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, адамдарды жеткізудің жариялылығы қамтамасыз етілмейді. Бүгінде біз азаматты кімнің жеткізгенін, оған құқықтары түсіндірілді ме, әлде жоқ па, қоңырау шалуға мүмкіндік берілді ме, жоқ па – осы секілді жайттарды біз білмейміз. Төртіншіден, заңға сәйкес қорғаушымен қамтамасыз етілу 24 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Ал көп ретте азаптаудың алғашқы сағаттарда жүргізілетіні белгілі», — дейді бас прокурордың бірінші орынбасары. 

Бұдан бөлек, жауап алатын арнайы кабинеттер жоқ. Бүгінде қылмыстық қудалау органдарының кез келген жерінде азаматтардан жауап алына береді.  Бұл адамдарды азаптаудың қаупін күшейте түседі. 

«Алтыншыдан, соттар азаптауға қатысты шағымдар бойынша соңғы шешімге дейін процесті сирек тоқтатады. Жетіншіден, қоғамдық бақылау тетіктері дамымай отыр. Негізінен, талдау көрсетіп отырғандай, тексеушілер колонияларға жылына жоспарлы түрде бір-екі рет барады, күтпеген жерден болатын тексерістер аз. Азаптау фактілерін тексеру тиімсіз, барлық шағымдардың тек екі пайызы ғана сотқа дейін жетеді», — деді ол. 

Кесу - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда сотталушы өз-өзін жарақаттады

Елімізде адамдарды азаптауға жол бермеу үшін «Азаптау жоқ қоғам» жобасы қолға алынбақ. Жобаның мақсаты — қылмыстық процесc пен түрмедегі азаптардың тамырына балта шабатын түбегейлі шараларды жүзеге асыру.

«Жағдайды өзгерту үшін не істеу керек? Біздің ұсыныстар жоспарға енгізілген. Нақты 40 шара көзделген. Жоспар негізгі үш бөлімге бөлінген. Бұл — алдын алу, тиімді тергеу және азап құрбандарын оңалту. Біріншіден, азаматтарды қылмыстық қудалау органдарына жеткізудің ашықтығын қамтамасыз ету. Осылайша азаматты ұстап әкелген адам туралы ақпарат болады. Екіншіден, барлық құқық қорғау органдарының ғимараттарында жауап алатын арнайы кабинеттер ашып, бейнебақылау қондырғыларын, телефон орнату көзделген. Үшіншіден, күдікті адамның үш сағат ішінде адвокатқа құқығын қамтамасыз ету керек. Бұдан бөлек, қылмыстық процестің мақсаттары мен міндеттерін қайта қарастыру маңызды», — деді И.Меркель. 


Жаңалықтар
0