Өңірлер

Қостанайда сотталушы өз-өзін жарақаттады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуКесу
Кесу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол сегіз адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында болған

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Қостанай облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Шахраман Әлибаев өз-өзін бауыздамақ болды деп жазады "Наша газета" басылымы. Ол бірден ауруханаға жеткізілді.

Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанайда "қара риелторлар" бандасы сотталып жатыр

"Қара риелторлар" ҰҚТ Қостанай аумағында сегіз жыл бойы қылмыс жасаған. Сегіз адамнан құралған топ ішімдікке, есірткіге салынғандар мен мүгедектерге қоқан-лоққы жасап немесе алдап-сулап пәтерлерін тартып алған. Айыптау қорытындысы бойынша, ҰҚТ үш адамды өлтірген. Олардың арасында топ мүшесіне тұрмысқа шығып, артынша соның қолынан ажал құшқан мүгедек әйел бар.

Сот отырыстарының бірінде Шахраман Алибаев мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, ҰҚТ-тың негізгі басшылары полицейлер, "өзі солардың айтқанымен жүріп, айдауына көніп отырған". Сонымен қатар, тәтіп сақшыларының бірі адам өлтіргендігін хабарлады. 

Жаңалықтар
0