Қоғам

Қазақстанда оқушылар үшін үй тапсырмаларының көлемін қысқарту ұсынылды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуОқушы
Оқушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келесі оқу жылында мектеп оқушыларына үй тапсырмаларын қысқарту ықтимал

АСТАНА, 7 ақп – Sputnik. Қазақстандық оқушылар үй тапсырмасын орындауға тым көп уақыт бөледі, дегенді білдіреді Оқушылардың білім алудағы жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық зерттеулер бағдарламасының (PISA) деректері. 

Мұғалім - Sputnik Қазақстан
Қоғам
БҒМ мектептегі алым-салық және балабақша кезегіндегі жемқорлық мәселелерімен айналысады

ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлағандай, зерттеулер қорытындыларына сүйенсек, қазақстандық оқушылардың үй тапсырмаларын орындауға шектен тыс уақыт жұмсайтынын аңғарамыз (65 мемлекеттің арасында 4 орын). Ғалымдардың пікірінше, оқу үлгерімінің жақсаруына оқушыларға тапсырылатын жұмыстың аз болуы елеулі әсерін тигізеді. Сонымен қатар, үй тапсырмаларын орындау барысында қазақстандық оқушылар басқа елдердегі құрдастарына қарағанда, ата-аналарының көмегін жиі сұрайды (65 ел ішінде 1-ші орында). Ата-аналар тарапынан оқушыларға берілетін үй тапсырмалары көлемінің аса үлкендігі мәселесі бірнеше рет көтерілген.

ҚР Білім және ғылым министрлігі мектептердің 2-11 сынып оқушыларына берілетін үй тапсырмаларын ұйымдастыру және орындау бойынша методикалық ұсынымдардың 2 жобасын педагогтар мен ата-аналардың талқылауына беріп отыр.

"Екі топ мүшелері де, социологиялық зерттеулерге қатысқан ата-аналар да бір ортақ тұжырымға келіп отыр: үй тапсырмаларын орындауға жұмсалатын уақытты қысқарту керек. Дегенмен, бірінші топтағы мамандар үй тапсырмасын орындауға санитарлық-эпидемиологиялық талаптарда белгіленген уақытты екі есеге азайту қажет деп тапса, екінші жобаны әзірлеушілер бұл уақыт мөлшерін тек 40 минутқа қысқартумен шектелуге болатынына сенімді",  - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мамандар оқушылардың материалдарды жақсы меңгерулері үшін негізгі және жоғары сыныптарда қосарланған сабақтар (әсіресе тілдік және математикалық пәндер бойынша) өткізу қажеттігі мәселесі бойынша бір пікірге келіп отыр. Мұғалімдерге міндетті түрде орындалатын (минимум) және өз қалауымен орындалуы мүмкін (максимум) тапсырмаларды үйлестіруді, сондай-ақ, үй тапсырмаларын демалыс және мерекелі күндері қарсаңында, каникул кездерінде және бақылау жұмыстары өткізілгеннен кейін бермеу ұсынылған. 

Оқулықтар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда оқушылар Wi-Fi және кітап шкафтарымен қамтамасыз етіледі

Бір нұсқа бойынша мектеп пәндері үш топқа бөлінбек: бірінші топқа жатқызылған пәндер бойынша үй тапсырмалары міндетті түрде берілмек, екінші топтағы пәндер бойынша тапсырмалар орындалуға міндеттелмей, тек ұсынылады, сондай-ақ, үшінші топқа жатқызылған пәндер бойынша тапсырма берілмейді. Балама жобада орындалуы міндетті және міндетті емес тапсырмалардың қосарланып берілу мүмкіндігімен қатар олардың барлық пән бойынша тапсырылу қажеттігі ұсынылып отыр.

Әзірленген ұсынымдардың бір нұсқасында тапсырылған үй жұмысын орындауға жұмсалатын уақытты есептеу формуласы келтірілген. Екінші нұсқа жобасын дайындаған мамандар пәндерді күрделілігіне қарай саралап, кестелерінде 2-11 сынып оқушыларына берілетін үй тапсырмаларының уақыттық нормативтері мен көлемдік шамаларын ұсынған.

Педагогикалық ортадағы талқылаулар 15 наурызда аяқталып, үй тапсырмаларының көлемі биылғы қыркүйекте енгізілмек.

Екі жоба да Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы www.nao.kz мен Ақпараттық-сараптама орталығы www.iac.kz сайттарында жарияланған.


Жаңалықтар
0