Қоғам

Қазақстанда оқушылар Wi-Fi және кітап шкафтарымен қамтамасыз етіледі

© Sputnik / Медиабанкке өтуОқулықтар
Оқулықтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мектептерді шкаф және ғаламтормен жарақтандыруды жергілікті атқарушы органдар қолға алады

АСТАНА, 7 ақп — Sputnik. Қазақстан мектептерінде кітап қоятын жеке шкафтар, әрбір сыныпта Wi-Fi және ауыз су бұрқақтары пайда болады деп хабарлады білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

оқушылар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Speak English: Қазақстанда бірқатар пәндер ағылшын тілінде өтеді

"Ең бірінші, әрбір оқушыға кітаптарын, ауыстыратын аяқ киімі мен спорттық құралдарын сақтайтын шкаф берілуі тиіс. Бұл – әлемдік тәжірибе. Осы жобаны мектеп директорлары, СЭС, өрт сөндірушілермен ұзақ талқыладық", — деді Сағадиев үкімет отырысында.

Министрдің сөзіне жүгінсек, бұл біршама мәселелерді шешеді әрі оқушылар ауыр сөмке арқаламайтын болады. 

Екіншіден, мектеп оқушыларын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету қарастырылмақ. 

Оқушылар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада оқушыларды тасымалдау үшін мектеп автобустары беріледі

"Көптеген мектептерде сапалы ауыз суы жоқ. Бұл мәселені шешу үшін қала мектептерінде міндетті түрде фильтрлер мен бұрқақтар орнатпақшымыз. Ондай мүмкіндік болмаса, әсіресе ауыл мектептерінде диспенсерлер қойылады", — деп атап өтті Сағадиев.

Министрдің айтуынша, мектептердің басым көпшілігі ғаламтор желісіне қосылған.

"Сандық Қазақстан" аясында бұл мәселені толық шешеміз деген үміттеміз. Алайда тағы бір маңызды мәселе – әрбір сыныпта Wi-Fi желісін тарату. Жуық арада Қазақстанның барлық мектептерін құрылымдық кабелдік жүйемен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жобаны бастауды жоспарлап отырмыз", — деп қорытты Сағадиев.   

Жаңалықтар
0