АСТАНА, 12 қаң — Sputnik. Елордалық билік өкілдері қаланың шеткі аймақтарында тұратын оқушыларды мектепке тасымалдау үшін 45 жаңа мектеп автобусын енгізуді жоспарлап отыр деп хабарлады Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов.
Оның мәліметінше, қазіргі уақытта Астанада 117 мың оқушы мектепке жеке көлікпен барады, бұл қарбалас уақыттағы көлік кептелісіне әкеп соқтырады. Сонымен қатар оқушылардың 12%-ы қоғамдық көлікпен қатынайды, бұл да қауіпсіз тасымалға қауіп төндіреді.
"Астанада жаңа мектеп тасымалдау жүйесін құру жоспарланып отыр. (…) Мектеп тасымалының маршруттік желісі жасалатын болады. Осы жылы 45 жаңа мектеп автобусын шығару жоспарда бар", — деді Игенбердинов бейсенбі күні қоғамдық тыңдау барысында.