Қоғам

Астанада тағы екі даңғылға көліктің тек бір бағытта қозғалуын енгізеді

© Sputnik / Григорий Собченко / Медиабанкке өтуБір бағыттағы қозғалыс
Бір бағыттағы қозғалыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Абылайхан мен Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылдарына көліктің тек бір бағытта қозғалуы енгізіледі

АСТАНА, 12 қаң — Sputnik. 2017 жылдың екінші тоқсанында Астанада екі даңғылға көліктің тек бір бағытта қозғалуын енгізеді деп хабарлады елордалық әкімшілік баспасөз қызметі.

Ақылы көлік тұрағы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қарбалас уақытта Астанаға ақылы кіруді енгізу ұсынылды

"Көшелердің жекелеген бөліктерінде көлік ағынының жылдамдығын арттыру мақсатында 2017 жылдың екінші тоқсанында Абылай хан және Ш. Құдайбердіұлы даңғылдарының 5,3 километріне көліктің бір бағытта қозғалуын енгізу жоспарланып отыр", — делінген хабарламада.

Хабарламада атап өтілгендей, қоғамдық көліктің қозғалысына бөлінген арнайы жолақ Bus Lane енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Биылғы жылы 64,7 километрге созылатын қосымша 24 телім енгізу жоспарлануда, бұл қозғалыстың орташа жылдамдығын 22%-ға арттырады.

Жаңалықтар
0