"Рома бізге 2012 жылғы қарашада келді. Рома өте дарынды, көңілді, сенгіш бала. Бізде, тәрбиешілерде онымен ешқандай қиындықтар жоқ", — дейді тәрбиеші Ғайни Исмағұлова.
Рома қазақ тілінде еркін сөйлейді және Қайрат Нұртастың әндерін сүйіп тыңдайды.
"Мен ән салып тұрғанда, менің отбасым мені теледидардан көріп отырғанын елестетемін", — деді Рома.
"Ты супер!" жобасы ата-анасының қамқорысыз қалған дарынды балаларға өздерін көрсетуге мүмкіндік сыйлайды. ТМД және Балтық кеңістігіндегі музыкалық дарындарды Армения, Беларусь, Грузия, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан және Эстонияны қосқанда 9 елдің балалары ұсынады.
"Ты супер!" музыкалық шоуының алғашқы шығарылымы 11 ақпан күні сағат 20.00-де НТВ телеарнасында өтеді.
Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосы жобаның серіктесі болып табылады.