Қоғам

"Ты супер!" шоуының жеңімпаздары "Балалар Евровидениесінде" өнер көрсете алады

Жазылу
Эстраданың болашақ жұлдыздары беделді музыкалық байқауларда өнер көрсетіп, жаңа "Республика ШКИД" мюзиклында роль ойнайды

АСТАНА, 1 ақп — Sputnik. Теңдессіз вокалдық "Ты супер!" байқауы НТВ телеарнасы мен Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосының бірлескен жобасы 11 ақпанда басталады. Жаңа жоба ата-анасының қамқорысыз қалған дарынды балаларға өздерін көрсетуге мүмкіндік сыйлайды. Оған балалар үйі, интернат-мектептерінің тәрбиеленушілері және асырап алған отбасылардың балалары қатысады.

НТВ телеарнасының бас продюсері Тимур Вайнштейннің пікірінше, конкурсқа қатысу жас дарындар үшін өмірге жолдама болмақ. Вайнштейн жас дарындармен ынтымақтастық бұл жобамен аяқталмайтынына уәде берді. Қазылар алқасы құрамына әлемдік деңгейдегі ең ықпалды продюсерлердің бірі – Игорь Крутойдың кіргені белгілі. 

Жас дарындар үшін Крутой қатал судья болып қана қоймай, сыйқыршы да болады: "Ты супер!" шоуының жеңімпаздары халықаралық вокалдық байқаулар "Новая волна" мен "Балалар Евровидениесінің" іріктеу турларына қатысатын болады. Балалар үшін тағы бір сыйлық жаңа "Республика ШКИД" мюзиклындағы рольдер болмақ. 

"Ты супер!" музыкалық шоуының алғашқы шығарылымы 11 ақпан күні сағат 20.00-де НТВ телеарнасында өтеді. 


Жаңалықтар
0