Қоғам

Алматы мен Астана ХҚКО-да сенбі күні 20:00-ге дейін уақытша тіркелуге болады

© Sputnik / Болат ШайхиновУақытша тіркелу
Уақытша тіркелу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы мен Астана тұрғындары демалыс күндері уақытша тіркелуге мүмкіндік алды

АСТАНА, 28 қаң– Sputnik. Бүгін, 28 қаңтарда, уақытша тіркеуді мемлекетіміздің барлық ХҚКО-ларында кешкі сағат 20.00-ге дейін ресімдеуге болады деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

ХҚКО - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана және Алматы ХҚКО-лардың жүктемелігін онлайн тәртібінде бақылауға болады

Ал жексенбі күні, 29 қаңтарда, азаматтарға қолайлы болу үшін Астана мен Алматының халыққа қызмет көрсету орталықтарының есіктері сағат 10.00 мен 15.00 аралығында ашық болады.

"Соңғы күндері халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілер санының азайғаны байқалатындығын атап өтеміз. Бұл ІІМ-нің наурыз айының ортасына дейін тіркеуі болмағаны үшін айыппұл салынбайтындығын хабарлағанымен байланысты екені анық. Десек те, қазақстандықтарға тіркелуді кейінге қалдырудың қажеті жоқ, сондықтан оны қазір, азаматтарға қолайлы уақытта, күн сайын дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін өткені жөн", — деп ескертеді мемлекеттік корпорация.

Абылайхан Оспанов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Абылайхан Оспанов "Азаматтарға арналған үкімет" басшысы болып тағайындалды

Астана мен Алматының ХҚКО-ларындағы кезек жайлы ақпаратты мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz сайтынан бақылауға болатынын естеріңізге саламыз. Ақпарат сағат сайын жаңарып тұрады.

Жексенбі, 29 қаңтар күні жұмыс істейтін ХҚКО-лар тізімі

Астана қ.

 

  • Есіл ауданының №1 бөлімі – Достық көш., 20
  • Есіл ауданының №2 бөлімі – Сауран көш.,7
  • Алматы ауданының №3 бөлімі – Күйші Дина көш., 29/1
  • Алматы ауданының №4 бөлімі – Сәтпаев көш., 25
  • Сарыарқа ауданының № 5 бөлімі – С-409 көш., 13
  • Сарыарқа ауданының № 6 бөлімі – Республика даңғ., 43

 

Алматы қ.

 

  • Алмалы аудандық бөлімі- Бөгенбай Батыр көш., 221
  • Әуезов аудандық бөлімі – Жандосов көш., 51
  • Алатау аудандық бөлімі – Шаңырақ 2 ы/а., Жанқожа батыр көш., 24
  • Бостандық аудандық бөлімі – Алмагүл ы/а., Ходжанов көш., а 9 А
  • Жетісу аудандық бөлімі – Құлагер ы/а., Серіков көш., 6А
  • Медеу аудандық бөлімі – Марков көш., 44
  • Түрксіб аудандық бөлімі – Рихард Зорге көш., 9
  • Наурызбай аудандық бөлімі – Ақжар ы/а., Егінсу көш., 33

 

Жаңалықтар
0