Саясат

Экономика министрлігі өзінің бірқатар функциясын өзге ведомстволарға "берді"

© Sputnik / Виктор Толочкожазу құралдары
жазу құралдары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығына сәйкес, кейбір функциясынан босатылды

АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлады сәрсенбіде Ақорданың сайты

Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігі денсаулық сақтау министрлігіне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері береді. 

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстанда еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі құрылды

Сондай-ақ, ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне елді мекендердің шекарасы (сызықтары) шегінде электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын, белгіленген қуаты 100 Гкал/сағаттан төмен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктерін береді. 

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі ұлттық экономика министрлігінен сәулет, қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй қатынастары, сумен жабдықтау, су бұру, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты-тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктерін алды. 

Бағдат Мусин - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазпоштаның бұрынғы басшысы Бағдат Мусин Бас прокуратура комитетін басқарды

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі туристік қызмет саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне берді. 

Жарлыққа сәйкес үкімет қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдардың штат санын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша қайта бөліп, 2017 жылғы 1 шілдеге дейін осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етуі тиіс.


Жаңалықтар
0