АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. "Қазпошта" басқармасының төрағасы Бағдадт Мусин Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады сәрсенбіде Ақорданың ресми сайты.
Сәуле Айтпаева Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрайымы қызметінен босатылды.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.