Бірге отырайық: Астанада Сирияда бейбітшілік орнатуға алғашқы қадам жасалды

© Sputnik / Болат ШайхиновАстанадағы сирияаралық келіссөздер
Астанадағы сирияаралық келіссөздер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей сарапшысы Геворг Мирзаянның пікірінше, Астанадағы Дамаск пен қаруланған оппозиция келіссөздері Сириядағы соғысты тоқтатуға жасалған қадам болып табылады

Геворг Мирзаян, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің саясаттану департаменті доценті – Sputnik үшін

Астанда Башар Асад үкіметі мен қаруланған оппозиция арасындағы келіссөздердің екінші күні өтуде. Мұның өзін үлкен жетістік деп санауға болады, өйткені бірінші күннің қорытындысы бойынша тараптардың ешқайсысы есікті тарс жауып, Қазақстан елордасынан кетіп қалған жоқ. 

Ең бірінші атыспау

Сирия үкіметтік делегациясының жетекшісі, Сирияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Башар Джаафари келіссөздер қарсаңында - Sputnik Қазақстан
Фото
#Peace4Syria:Сириядағы қақтығыс тараптары келіссөздер үстеліне отырды

Ресейді сынға алуға бағытталған бірқатар БАҚ келіссөз үдерісінің бірінші күні нәтижесіз өтті деп жазып үлгерді. Ол күн дау және екі жақтың бір-бірін айыптауымен есте қалып (оппозиция Асадтың қызметтен кетуі керектігін тағы да алға тартты), Сириядағы азаматтық соғысты тоқтатуға ешқандай септігі тимеді.

Дегенмен Астанадағы келіссөздер бірнеше себептерге байланысты соғысты тоқтауға жасалған маңызды қадам болып табылады.

Біріншіден, бұл іс-шараға сириялық азаматтық қақтығыстың бес сыртқы ойыншысының үшеуі қатысып отыр – Ресей, Түркия және Иран (төртіншісі Сауд Арабиясы кездесуге келуден бас тартты, ал бесіншісі АҚШ администрацияның ауысуына байланысты болып жатқан жайттардан қалыс қалуда).

Башар Джаафари - Sputnik Қазақстан
Саясат
Сарапшы: Сирия бойынша келіссөздердің алғашқы кезеңі бүкіл мәселені шеше алмайды

Екіншіден, Астанадағы келіссөздер үкімет пен полиэмигранттардың диалогы ғана емес, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров айтып өткендей, "Сириядағы нақты аумақтарды басқарып, қолға қару ұстап бір-біріне қарсы шыққан адамдардың қатысуымен өтіп жатқан кездесу". Содырлардың делегациясына орталық және солтүстік-батыс Сириядағы оннан астам топтардың өкілдері қатысады, басшысы — "Джейш аль-Ислам" ("Ислам әскері") тобы басшыларының бірі Мухаммед Аллуш.

Бірінші кездесу

Сириядағы ахуал - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев: Сириядағы қақтығыс қайғы мен мұң ғана әкелді

Иә, Астанаға сириялық оппозицияның "саяси" өкілдерін шақырмағаны үшін Мәскеуге айып тағылғаны рас. Бірақ олардың қажеті де жоқ еді. "Кез келген үйленген адам білетіндей, бірінші кездесуге әке-шешесін, ата-енесін және бүкіл туған-туыстарын алып келсе, бұдан түк те шықпайтыны белгілі. Женевада тура осындай жайт болған еді", — дейді Таяу Шығыс институтының президенті Евгений Сатановский. Онда мәмлеге келу үшін емес, келіссөзді бұзуға келген бірталай адамдар жиналды.

 Иә, Женева үшін бұл жарайтын еді, бірақ Астананың жайы бөлек. Ресей, Түркия және Иран бір нәтижеге жетуді көздеп отыр, ал әлгі адамдар бұл жерде артық екені белгілі. 

Сергей Лавровтың айтуынша, "сирияаралық келіссөздердің келесі кезеңдерінде Сирия үкіметі оппозициялық топтардың барлығымен келіссөз жүргізетін болады". 

Жаңалықтар
0