Саясат

Назарбаев: Сириядағы қақтығыс қайғы мен мұң ғана әкелді

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуСириядағы ахуал
Сириядағы ахуал - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан басшысы сириялық қақтығысты шешудің жалғыз жолын ұсынып, келіссөздердің жақсы нәтиже беруін тіледі

АСТАНА, 23 қаң — Sputnik. Сирияда алты жылға созылған қақтығыс қайғы мен мұң ғана әкелді деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Дүйсенбі күні Астанада сирияаралық келіссөздер басталды. Президенттің үндеуін Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов келіссөзге қатысушыларға оқып берді. Мемлекет басшысы қатысушыларға сәлем жолдап, Сириядағы ахуалдың бүкіл әлемдік қауымдастық назарын өзіне аударғандығын атап өтті.

Астана - Sputnik Қазақстан
Саясат
Астанадағы Сирия бойынша келіссөздер: жүз пайыз дайындық

"Мойындауға тиіспіз, алты жылға созылған қанқұйлы қақтығыс әр түрлі өркениеттер мен мәдениеттер тоғысқан қасиетті өңірге қайғы мен мұңнан басқа ештеңе әкелген жоқ", — деп мәлімдеді Назарбаев.

"Бүгінгі кездесу Сириядағы ахуалды бейбіт түрде реттеуге бағытталған әлемдік қауымдастық күшінің жарқын белгісі болып табылады. Қазақстанның пайымдауынша, Сириядағы ахуалды шешудің жалғыз дұрыс жолы өзара сенім мен түсіністікке негізделген келіссөздер болуы тиіс", — деп атап өтті Назарбаев.

Президент Қазақстанның сириялық босқындарға көмек ретінде 700 мың доллар бөліп, жуырда 500 тонна азық-түлік жөнелткенін айтты.

Сөз соңында Елбасы келіссөздердің нәтижелі әрі жемісті болуына тілек білдірді. 

Жаңалықтар
0