Қоғам

БҒМ: Қазақстан балалар үйінде болып жатқан жағдайлар құпия болудан қалады

© Sputnik / Константин Чалабовбалалар
балалар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балалар үйінің қызметі және ол жерлердегі балалардың жағдайы туралы ақпарат Желіде жарияланатын болады

АСТАНА, 17 қаң — Sputnik. Қазақстанда балалар үйлері жанында үш ай ішінде бақылау кеңестері құрылады, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрілігінің баспасөз қызметі. 

Балалар үйінің тәрбиеленушісі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Павлодарда бала өз үйіне оралу үшін 7 жыл күткен

Ведомствоның мәліметінше, кеңестің құрамдарына қоғамдық ұйымдардың, балалар құқығын қорғау қорларының, асырап алушы ата-аналар қауымдастығының, мемлекеттік басқару органдарының (оның ішінде құқық қорғау органы) өкілдері кіретін болады.

 Осылайша, қоғам балалар үйлерінің тыныс-тіршіліне етене қатысып, жағдайды бақылап, балалар құқықтарын бұзу әрекеттерінің алдын алады.  

Кеңестерге балалар үйлерінің қызметі жайлы есептерді тыңдауға, балалар үйлерінің басшылығының іс-әрекеттерін қадағалауға, балалардың жағдайын дербес бағалап, олармен әңгімелесуге мүмкіндік беріледі. Бақылау кеңестерінің атқарған жұмыстары жайлы ақпарат Интернет- ресурстарда, оның ішінде балалар үйлері мен ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау Комитетінің ресми сайтарында жарияланады. 

"Бұл осы күнге дейін жабық мекемелер ретінде саналып, жағымсыз, тіпті кей кездері заңсыз әрекеттерге жол берілген балалар үйлерінің қызметіне оң әсерін тигізіп, қоғамдық қадағалауды күшейтері анық", — деп хабарлады ведомствода.

Алматы балалар үйіндегі зорлау деректері туралы ақпарат қаттың қоғамдық шу туғызды. 2016 жылдың басында Алматы қаласы №1 балалар үйінің директоры Гүлмаржан Шунаева тәрбиеленушілерінің зорлануына байланысты туындаған даудан кейін қызметінен шеттетілген. Балалар үйінің түлегі 15 жылға сотталды.  

Өрт сөндірушілер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыдағы балалар үйіндегі өрттен 160-тан астам бала қауіпсіз жерге көшірілді

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, жыл сайын Қазақстанда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны азаюда. Бұл – өз отбасына бала тәрбиелеуге ықылас білдірген ата-аналар санының өсуінен туындап отырған нәтиже. Елімізде көп жылдан бері алғаш рет жетім балалар санының төмендеуіне байланысты балалар үйі жабыла бастады. 2015 жылдан бастап 48 жетімдер үйі жабылды (жалпы саны 188-ден 140-қа дейін азайды).

Отбасылық форма тәжірибесін кеңейту мақсатында 2016 жылдың 9 сәуірінде еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі нәтижесінде жетім және қамқоршысыз қалған балалармен қарым қатынас жасаудың жаңа мүмкіншіліктері – асырап алушы отбасы, сондай-ақ, балаларды демалыс және мереке қүндері жанұяға тартатын – қонақтық отбасы сияқты жаңа формалар енгізілді.

Бұл қазақстандық отбасылардың қамқоршылық белсенділігін арттыруға басты себеп болды. Сонымен қатар, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мен балаларды асырап алғысы келетін жанұялардың республикалық мәліметтер базалары құрылып, өз жұмысын белсенді атқарып жатыр. ҚР Білім және ғылым министрлігі үкіметтік емес ұйымдарды бақылау кеңестерінің қызметіне қосылып, жұмыстарын жүргізуге белсенді ат салысуға шақырады. 


Жаңалықтар
0