Қоғам

Павлодарда бала өз үйіне оралу үшін 7 жыл күткен

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуБалалар үйінің тәрбиеленушісі
Балалар үйінің тәрбиеленушісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ата-ана құқығынан айырылған әйел "жақсы" ана абыройын жеті жыл қалпына келтірген.

АСТАНА, 23 қар — Sputnik. Бала жеті жыл бойы Павлодар балалар үйінде анасына оралуды күткен, деп хабарлады кәмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі. 

Павлодар қалалық сотының 2009 жылғы 30 сәуірдегі шешімімен Қанаттың (2000 жылы туылған) анасы ата-аналық құқығынан айырылған. Жеті жыл өткен соң ғана баланың анасы ата-анасының құқығын қалпына келтіру туралы сотқа өтініш берді. 

Бүлдіршін қыз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Павлодарда таяқ жеген сәби: қыз анасынан айырылғысы келмеді

Осы жалдар арлығында әйел тұрмыстық жағдайын жақсартуға тырысып, үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізді, тұрақты жұмыс орнын іздеді. 2016 жылғы қаңтардан бастап ол асхана жұмысшысы болып істейді. Ұлымен байланысты әйел үзбеген. Үнемі балалар үйіне барып, демалыс күндеріне қонақ ету рұқсатын рәсімдеп келген. 

Балалар мемлекеттік мекемесінің директоры бұл жәйттерді растап, соттан ананың ата-аналық құқығын қалпына келтіруде сұрады. Өз кезегінде сот психологының қатысумен сұралған кәмелет жасқа толмаған Қанат анасына оралуға нық сенім білдірді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. 


Жаңалықтар
0