Қоғам

Павлодарда таяқ жеген сәби: қыз анасынан айырылғысы келмеді

© Public DomainБүлдіршін қыз
Бүлдіршін қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта сәби Павлодар қаласындағы балалар үйінде. Қыздың анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

АСТАНА, 27 қаз — Sputnik. Павлодар қаласында анасынан таяқ жеген кішкентай қыз балалар үйіне жіберілмес бұрын анасынан айырылғысы келмеді деп хабарлады бұл істі қадағалап отырған ҚР балалар құқығы бойынша уәкілі Зағипа Балиева  Sputnik агенттігіне.

Терезе - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Павлодарда таяқ жеген сәби: әкесі қызын өз қамқорлығына алмақшы

Бұл оқиға мұқият тергеуді қажет етеді, дегенмен бәрінен бұрын баланың құқығы жайында ойлау керек дейді ол.

"Мен қызды балалар үйіне жібермес едім. Қалай болғанда да бүкіл туған-туыстарын жинап, қыздың қайда болғаны дұрыс — анықтау керек еді", — деп Балиева өз пікірімен бөлісті.

Балалар құқығы бойынша уәкіл анасы қызын ұрып соққаны үшін жауапқа тартылып, тиісті органдар бұл істің шешімін табады деп үміттеніп отыр. 

 

 

Жаңалықтар
0