Қоғам

Павлодарда таяқ жеген сәби: әкесі қызын өз қамқорлығына алмақшы

© Sputnik / Константин ЧалабовТерезе
Терезе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызы мен анасы сот медициналық сараптамасынан өтті. Сәби балалар үйінде, жағдайы жақсы.

АСТАНА, 26 қаз – Sputnik. Сейсенбі күні әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадағы соққыға жығылған кішкене қыздың әкесі оны өз қамқорлығына алмақшы деп хабарлады Павлодар балалар үйі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жылап тұрған қыз - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Павлодардағы сәбиді ұру сәті түсірілген бейне: қызды балалар үйіне орналастырды

Балалар үйінің мәліметінше, қыздың есімі Айлин екен. 

"Бүгін құқық қорғаушы органдары анасымен бірігіп, сәбиді сот медициналық сараптамасын жасатуға апарды. Қыздың көңілкүйі көтеріңкі, денсаулығы да жақсы", — деді Sputnik Қазақстан агенттігіне сұхбат беруші.

"Бүгін әкесі келді. Баланы алып кеткісі келеді. Нақты шешімді қамқоршылық және қорғаншылық органдары қабылдайды", — деді ол.

Instagram әлеуметтік желісінде пайда болған екі бейнежазбада белгісіз бір әйел жыламсыраған сәбиді балағаттап, ұрып соққан. Бейнежазбалардың бірінің астында әйелдің туған қызын бұрынғы күйеуін бопсалау үшін ұрғаны жазылған. 

 

 

 

 

Кейіннен полиция әйелдің кім екенін анықтады. Ол Павлодар қаласының 1982 жылы туылған тұрғыны болып шықты. Әйелге қатысты ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі бойынша сот алды тергеу ісі жүргізілуде. 2012 жылы туылған сәби Павлодар қаласының балалар үйіне орналастырылды


Жаңалықтар
0