Оқиға

Алматыдағы балалар үйіндегі өрттен 160-тан астам бала қауіпсіз жерге көшірілді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоӨрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қауіпсіз жерге көшірілген төрт бала жедел жәрдем дәрігерлеріне көмекке жүгінді.

АСТАНА, 22 қар — Sputnik. Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Алматыдағы балалар үйінде шыққан өрттен 170-тен астам адам бала қауіпсіз аймаққа көшірілді, деп хабарлады Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Оның ақпаратына сәйкес, 21 қараша сағат 23.03-те Алматы ТЖД-ның "101" пультіне Бостандық ауданының Сырғабеков көшесіндегі балалар үйінен өрт шықты деген хабарлама келіп түсті. Күштер мен құралдар жедел оқиға орнына аттанды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 23-16-да жеткен.

"Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері оқиға орнына жеткенге дейін онда ғимараттың 2-ші қабаты өртеніп, енді жалын 3-ші қабатты және шатырды шарпи бастаған.  Өртті сөндіру барысында 161 бала мен 12 қызметкер қауіпсіз аймаққа көшірілді. 4 бала 103 жедел жәрдем көмегіне жүгінуге мәжбүр болды",- деді Баймұхамбетова. 

Төрт бала жедел жәрдем дәрігерлеріне көмекке жүгінді. Балалар өртенбеген жылы ғимаратқа көшірілді.

Өрт сағат 23-46-да ауыздықталып, 23-59-да сөндірілді. Жалын шарпыған аймақ 180 шаршы метрді құрады.  


Жаңалықтар
0