Саясат

Бағлан Майлыбаев қамауға алынғанға дейін қандай жоғары лауазымды атқарды

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
14 жыл ішінде Бағлан Майлыбаев мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің БАҚ департаментінің директорынан бастап ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне дейін атқарған

АСТАНА, 16 қаң – Sputnik. Дүйсенбі күні ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевтың қамауға алынғаны туралы хабарлады, ол қызметінен өткен аптада босатылған еді. Майлыбаевқа мемлекеттік құпияларды таратты деген күдік келтірілген. 

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Майлыбаев ісі: қамауға алынған Галихин бір ай бұрын "Құрмет" орденімен марапатталған

Бағлан Майлыбаев 1975 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін, Ресей Федерациясы президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясы саясаттану және саяси басқару кафедрасында аспирантура тәмәмдаған. 

2002 жылы ақпан-мамыр айларында мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің БАҚ департаменті директоры қызметін атқарды.

2004 жылы желтоқсаннан бастап ҚР президентінің баспасөз қызметін басқарған. 

Бағлан Майлыбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Бағлан Майлыбаев мемлекеттік құпияны таратты деген күдікпен қамауға алынды

2009 жылы маусымда Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының жарлығымен 2011 жылы қазанда ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне келді.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. Үйленген, екі баласы бар. 

"Құрмет" ордені, медалдермен, Қазақстан президентінің алғыс грамотасымен марапатталған. 

Жаңалықтар
0