Саясат

Бағлан Майлыбаев мемлекеттік құпияны таратты деген күдікпен қамауға алынды

CC BY-SA 3.0 / ru.wikipedia.org / Бағлан Майлыбаев
Бағлан Майлыбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұсталған азамат ҚР ҰҚК тергеу изоляторына қамалды

АСТАНА, 16 қаң – Sputnik. ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев сот шешімімен қамауға алынды деп хабарлады дүйсенбі күні Қазақстан ҰҚК баспасөз қызметі

"2017 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 185-бабы 1, 3-бөлігінде көзделген ("Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету") қылмыстарды жасады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері болған Б. Майлыбаев және Н. Галихин ұсталды", — делінген хабарламада.

Марат Тәжин - Sputnik Қазақстан
Саясат
Марат Тәжин Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

14 қаңтарда Астана қаласы, Есіл аудандық соты 2 ай мерзімге қамауға алу санкциясын берді деп атап өтті ведомство. 

Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК Тергеу изоляторына қамауға алынды. Күдіктілердің және олардың туыстарының тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды.Тергеп-тексеру жалғасуда, оның барысы және нәтижелері жөнінде қосымша хабарланатын болады.

Жаңалықтар
0