АСТАНА, 12 қаң — Sputnik. Марат Тәжин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды деп хабарланды Ақорданың ресми Twitter парақшасында.
"Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылсын", — делінген бейсенбі күні қол қойылған президент жарлығында.
Марат Тәжин 2002-2006 жылдары Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.