Оқиға

Майлыбаев ісі: қамауға алынған Галихин бір ай бұрын "Құрмет" орденімен марапатталған

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бағлан Майлыбаевпен бірге қамауға алынған Николай Галихинді мемлекет басшысы бір ай бұрын "Құрмет" орденімен марапаттаған еді

АСТАНА, 16 қаң – Sputnik. Мемлекеттік құпияны таратты деген күдікке ілінген ҚР Президенті Әкімшілігінің бұрынғы қызметкері Николай Галихин бір ай бұрын "Құрмет" орденінің иегері атанған.

Бағлан Майлыбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Бағлан Майлыбаев мемлекеттік құпияны таратты деген күдікпен қамауға алынды

Дүйсенбі күні Қазақстан ҰҚК хабарлағандай, сот ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевты екі айға қамауға алды. Майлыбаевпен бірге президент әкімшілігінің тағы бір қызметкері қамауға алынған – Н. Галихин. Ақорда сайтының ресми мәліметі бойынша,  Николай Галихин президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған екен. 

"Казахстанская правда" газетінің жариялауынша, Галихин былтыр Тәуелсіздік күні қарсаңында "Құрмет" орденімен марапатталған. 

Жаңалықтар
0